Бөлім бастығының сөзі

Құрметті ғаламтор желісінің пайдаланушылары!

«Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми веб-сайтына қош келдіңіздер!

 

Дене шынықтыру және спорт саласы арқылы салауатты өмір салтын насихаттау – бұл Елбасының Жолдауында айтылған маңызды басымдылықтардың бірі. Сайттың негізгі мақсаттарының бірі халықты Саран қаласының спорттық өмірімен, қала спортшыларының аймақтық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардағы жетістіктерімен, Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметімен таныстыру болып табылады. Сайт қонақтары аймақта және облыста болып жатқан спорттық жаңалықтар туралы жедел ақпаратты ала алады. Ресми сайт арқылы қаламыздың, басқа да аймақтардың, облыстың тұрғындары, жалпы спортқа немқұрайды қарамайтын азаматтар Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметі туралы неғұрлым ашық және қолжетімді ақпарат ала алады.

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен,

«Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
Гаршанова Ирина Ролландовна

 

 

Дауыс беру

Сіздің ойыңызша Саран қаласында қай спорт түрлерін дамыту қажет?
Гаршанова Ирина Роландовна Бөлім басшысы