Бөлім жұмысы туралы есеп

Бөлім жұмысы туралы есеп

«Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Саран қаласында дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасын 2016 жылы жүзеге асыруы туралы ақпараты

 

Дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасай отыра тұрғындардың барлық топтарын тарту арқылы бұқаралық спортты дамыту – бұл бағдарламада міндеттелген Елбасының тапсырмасы.

2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Саран қаласында тұрғындардың 28,2% (52121 адам) немесе 14698 адам дене шынықтыру және спортпен айналысады (2015 жылы 27% немесе жалпы саны 52088 адамды құрайтын тұрғындардың 14064).

Қалалық бағдарлама мектеп жасындағы балалардың, оқушылардың, студент жастардың, орта және жоғары жастағы тұрғындардың, мүгедектердің спорт резервін дайындаудың негізгі аспектілерін қамтиды. Дене шынықтыру және спорттың материалдық техникалық басасын нығайту және дамыту, нормативтік құқықтық базаны жасау және жетілдіру шараларын қарастырады.

Бағдарлама жергілікті бюджеттен қаржыландырылады және Саран қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының шеңберінде. 2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млн. 509 мың теңге қаржы бөлінді.

«Саран қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласында сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылады. Сыйбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау үшін мемлекеттік стандарттың негізінде «Екінші және үшінші, бірінші, жасөспірімдерге арналған екінші және үшінші, екінші санатты біліктегі жоғары және орта деңгейлі жаттықтырушы, екінші санатты біліктегі жоғары деңгейлі нұсқаушы-спортшы, екінші санатты біліктегі жоғары және орта деңгейлі әдіскер, спорт төрешісі спорттық дәрежелері мен санаттарын тағайындау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

2016 жылы аталмыш қызмет түрі 363 оқушы мен оқытушы-жаттықтырушыға ұсынылды:

III жасөспірімдер дәрежесі – 10 адам;

II жасөспірімдер дәрежесі – 133 адам;

I жасөспірімдер дәрежесі – 106 адам;

III спорттық дәрежесі – 44 адам;

II спорттық дәрежесі – 62 адам;

Екінші санаттағы жоғары дәрежелі жаттықтырушы – 6 адам;

Спорт төрешісі – 2 адам.

         Қазіргі уақытта қалада 87 спорт ғимараты жұмыс жасайды:

Спорт ғимаратының атауы

Саны

1

Стадион

1

2

Спорт кешені

1

3

Жүзу бассейні

1

4

Спорт залдары

19

5

Кіріктірілген спорт залдары

9

6

Спорт манеждері

2

7

Хоккей корттары

8

8

Ату тирлері

4

9

Теннис корттары

2

10

Спорт алаңдары

40

 

Қаланың оқу орындары дене шынықтыру және спорт бойынша мамандармен 100% қамтылған.

Атап айтсақ қаланың спорт мектепрінде 44 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс жасайды, олардың 33 штаттағы жұмыскерлер.

Колледждердегі 12 дене тәрбиесі мұғалімдері жоғары білімді.

Қалалық білім бөлімі жүйесінде 30 дене тәрбиесі мұғалімі бар, олардың 24 жоғары дене шынықтыру білім бар.

Саран қаласындағы негізгі спорт базалары «Сұңқар» стадионы мен Саран қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебі. Сондай-ақ қалада жеңіл атлетика мен Қарағанды қ. күрестен «Дәулет» облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектептерінің 2 филиалы жұмыс жасайды.

«Сұңқар» стадионының жанында қоғамдық бастамаларда 20 қатысушысы бар «Жас төреші мектебі», 60 адамды қамтыған «Арыстан» әскери самбо бойынша спорттық бағыттағы клубы және «Best Fit» фитнес клубы жұмыс жасайды. Жыл сайын «Былғары доп» жарыстары, футболдан «Достық» республикалық турнирі, Саран, Шахтинск, қалалары, Абай ауданының командаларының қатысуымен футболдан «Арселор МитталСтил» көмір департаменті кәсіптік ұжымдарының кубогі өткізіліп тұрады. 10 командадан 150 спортшы қатысқан футболдан Саран қаласының біріншілігі Бірінші Лига-Саран аймағы командалары арасынан Қарағанды облысының біріншілігіне енді. Ойындар апта сайын сәуір айынан бастап қыркүйек айына дейін өтті, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Саран шахтасы командалары жеңімпаз атанды. «Преображение» балалар үйінің тәрбиеленушілері аптасына 3 рет жалпы дене шынықтыру жаттығуларымен айналысып тұрады.

БЖОРМ спорт кешенінің 5 бөлімшесінде 1420 адам спортпен айналысады, залдардың жұмыс уақыты 12 сағат, күніне 1000 адам қабылдайды.

Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабақтары оқу жоспарына, оқушылардың дене тәрбиесі бойынша республикалық типтік бағдарламаға сәйкес оқу күні тәртібі бойынша жүзеге асырылады. Қала мектептерінде ұл балалар мен қыз балаларды бөлек оқытатын 3 дене шынықтыру сабағы енгізілген. Қаладағы екі колледжде 4 дене шынықтыру сабағы бар. Денсаулығы нашарлау оқушылар ауруы есепке алына отыра және арнайы бағдарлама бойынша аптасына 3 рет арнайы медициналық топтарда айналысады.

Колледждердің, мектептердің, ЖТС, БЖО, СГТК спорт секцияларына қатысушылардың саны 1700 астам адамды құрайды. Олар футбол, волейбол, үстел теннисі, ауыр атлетика, дойбы, шахмат, тоғыз құмалақ, қазақ күресі, ЖДШЖ, картинг, авиамодель спорты, спорттық туризм бойынша топтар.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мақсатында «Саран» шахтасында, «Сұңқар» стадионында спорт нұсқаушылар тағайындалған, «Балғын», «Бақыт», «Колокольчик», «Колобок», «Сәуле» балабақшаларында балалармен спорт нұсқаушылары жұмыс жасайды.

Жыл сайын қала көшелерінде мемлекеттік мерекелерге, мерейлі даталарға арналған жеңілатлетика эстафета, денсаулық фестивальдері, жарыстар өткізіліп тұрады. Жыл бойы қала мектептерінің оқушылары 8 спорт түрлері бойынша мектеп оқушыларының спартакиадаларына қатысып тұрады. Сондай-ақ қаланың құрама командалары «Арай» және «Ақ қыс» облыстық спартакиадаларына қатысады.

Қаладағы мүгедектердің саны – 2326 адам, олардың 121 балалар. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың 2015 жылғы көрсеткіші 5,2% құрады (149 адам: 10 есту бойынша мүгедек, 6 көру бойынша мүгедек, № 5 ОБМИ – 73 адам, ПМӘМ – 60 адам).

«Саран қаласының психоневрологиялық медициналыө әлеуметтік мекемесі» КММ 525 адам бар, олардың ішінде 60 мүгедек флорбол, баскетбол, жеңілатлетика, мини-футбол, дойбы, тоғызқұмалақ бойынша секцияларға қатысады. Сауықтыру дене тәрбиесімен 100 астам дам қалтылған.

         Жағымды динамикамен қатар біраз мәселелер бар: спорт ғимараттарының жетіспеушілігі, қала мектептерінде дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған спорт инвентарлары және жабдықтарымен қамтамасыз етілуінің төмен пайызы (15,1%). Егер осы мәселелер шешілетін болса, онда 2017 жылғы көрсеткіш 28,7% артады.

Спорттық-бұқаралық ісшаралардың санын арттыру, дене шынықтыру және спортты, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау балалар мен жасөспірімдердің және жастардың дене шынықтыру сауықтыру қызметіне көптеп тартылуына ықпалын тигізеді.

 

 

«Саран қаласының дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ басшысының м.а.                                             И. Гаршанова

Орынд. Рустембаева Б.Б.

Тел. 8-72137 (74371)

e-mail: b.rustembaeva@karaganda-region.gov.kz

Дауыс беру

Сіздің ойыңызша Саран қаласында қай спорт түрлерін дамыту қажет?
Гаршанова Ирина Роландовна Бөлім басшысы