Республика жаңалықтары

11 Қазан 2018 15:21
Жолдауда әлеуметтік салаларға нақты тапсырмалар берілді – А. Сәдуақасова

Айгүл Сәдуақасова   биылғы Жолдаудың ерекшелігі   әлеуметтік салаларға нақты тапсырмалар берілгенін айтты.

«Бұған дейін халықтың жағдайын жақсарту үшін қолға алынған бағдарламалар мерзімінде іске асады. Әсіресе, ауылшаруашылық өнімдерін, күнделікті тұтыну тауарларын өзімізде өндіру – шетелден тасымалданатын экспорт тауарға тәуелділікті азайтады. Маған Жолдауда жастар мәселесінің жан-жақты қамтылғаны ұнады. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауы да – жастарға берілген зор мүмкіндік. Білім гранттарының көбеюі, жас отбасыларға баспана алу талаптарын қолжетімді ету өте қажет. Себебі, әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан кезде ғана елдің тұрмысы түзеледі. Тұрақты жұмысы, жоғары жалақысы бар адамға ғана баспанаға қол жеткізе алады», - деді А.Сәдуақасова.

Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының меңгерушісі  айтып өткендей, Елбасы айтып өткен тағы бір мәселе – сапалы кадр даярлау.

«Төрт жыл білім алып, диплом алған жастардың жұмыссыз жүргені көп. Сондықтан тек қана диплом үшін емес, білікті маман болуға талпынуы керек. Екі-үш дипломы бар жұмыссыздар қатары азаяр еді. Қоғамға қажет мамандарға ғана сұраныс бар екенін нарықтың өзі сұрыптап отыр. Білікті кадрдың арқылы ғана экономиканы дамытуға болады. Әлемде болып жатқан дағдарыс та Қазақстанды айналып өтпесі анық. Сондықтан біз барлық жағдайларға дайын болуымыз керек. Күтпеген экономикалық қиындықтарға тойтарыс беру үшін де қоғамның әр саласында білікті кадр көп болуы керек», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

 

Дауыс беру

Сіздің ойыңызша Саран қаласында қай спорт түрлерін дамыту қажет?
Гаршанова Ирина Роландовна Бөлім басшысы